Түнгі мезгілде орын алатын келеңсіз жағдайлардың алдын алу және болдырмау мақсатында мектеп-гимназия әкімшілігі мен құқық қорғау органдарының бірлесуімен түнгі рейдтік жұмыстар ұйымдастырылды.

Рейд барысында кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жүру жағдайлары тексеріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Ата-аналарға балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен жауапкершілік туралы ескерту жасалды.

Мақсат – жасөспірімдердің құқық бұзушылыққа бармауы және қауіпсіз орта қалыптастыру.