Қиындығы мен қызығы қатар жүретін,жауапкершілігі орасан зор мамандық иелернің төл мерекесі қарсаңында «Ұстаз – ұлттың шамшырағы» атты облыстық іс –шарада облыс әкімі Нәлібаев Нұрлыбек Машбекұлы ұстаздарды «Ерен еңбегі үшін» медалі, «Шапағат» медалі, «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен, «Еңбек ардагері» медалі, «Білім беру ісінің құрметті қызметкері»төсбелгісімен марапаттап, ұстаз беделінің қоғам алдында зор екенін айқындай түсті.

Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің Нағи Ильясов №9 мектеп-гимназия атындағы мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі,директродың оқу ісі жөніндегі орынбасары,шебер-педагог Палмаганбетова Гүлшат Кежетайқызы Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрлігінің «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен және еңбек пәнінің мұғалімі,шебер-педагог Шайхсламова Сауле Құрманбекқызы Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаты «Шапағат» медалімен марапатталып,білім ордасына үлкен қуаныш сыйлады.

Ерен еңбектерінің арқасында жоғары марапатқа ие болған ұстаздарымыз Г.К.Палмаганбетова мен С.Қ. Шайхсламоваға шығармашылықтың шыңын бағындыра берулерін тілейміз!