Бүгін мектебімізде "Ұстаздар күніне" орай өткен мерекелік шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Іс-шараны орыс тілі мен әдебиеті пәні бірлестігі дайындап, мазмұнды әрі әсерлі бағдарлама ұсынды.
Мерекелік шараны ашып сөз сөйлеген Нағи Ильясов атындағы №9 мектеп-гимназия директоры Ибраев Бекзат Сағыңдықұлы ұстаздарға деген ықыласын, жоғары құрметін жеткізді. Бағдарлама барысында оқушылардың әсем әндері, әсерлі би қойылымдары мен жүрекке жеткен жыр шумақтары орындалды. Сонымен қатар ұстаздардың қажырлы еңбегі ескеріліп, бірқатар әріптестер марапатталды.
Бұл шара ұстаздарға деген ерекше алғыс пен риясыз көңілдің белгісі болды және барша ұжымға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
https://9sh-gimnziya-edu.testim.kz/kz/zhanaly-tar/584-mektebimizde-stazdar-k-ni-atalyp-tti.html#sigFreeIdcabd52e5d3






