Н.Ильясов атындағы №9 мектеп-гимназиясында 11-сынып оқушыларын Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындау жұмыстары бекітілген жоспарға сай жүйелі түрде жүргізілуде. Бүгін жоспарға сәйкес edutest.kz платформасы арқылы барлық бітіруші сыныптарды қамтыған байқау сынағы ұйымдастырылды.
Сынақ байқаудың мақсаты – оқушылардың білім сапасы мен дайындық деңгейін бақылау, оқу олқылықтарын анықтап, жеке және сыныптық деңгейде қатемен жұмыс жүргізуге негіз қалау. Бұл – қыркүйек айындағы үшінші сынама.
Сынақ басталар алдында мектеп-гимназия директоры Бекзат Сағындықұлы және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Гүлнар Бакитовна оқушыларға сәттілік тілеп, тапсырмаларды мұқият оқып, ойлап жауап беруге шақырды.
Алынған нәтижелер талданып, әр оқушы үшін түзету жұмыстарының жоспары жасалады. Мектебімізде ҰБТ-ға дайындық процесі әрі қарай да жоспарлы түрде жалғасады.
https://9sh-gimnziya-edu.testim.kz/kz/zhanaly-tar/582-bt-a-dajyndy-edutest-kz-ar-yly-baj-au-syna-y.html#sigFreeId7430e4369c






