Құрметті ұстаздар! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

 

«Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен – тарихтағы ең ұлы істің бірі» деген терең мәнді сөз осы мамандықтың шын қадірін білдіреді.

 

«Үздік ұстаз – ғибратты үлгі», — демекші, сіздердің әрбір іс-әрекеттеріңіз, жүріс-тұрыстарыңыз, шәкіртке деген көзқарастарыңыз – болашақ ұрпақ үшін өмірлік сабақ.

Халқымыздың ардақты тұлғасы Мағжан Жұмабаевтың:

 

«Алты алаштың баласы бас қосқанда, қадірлі орын – мұғалімдікі» — деген сөзі, мұғалім мәртебесінің қаншалықты биік екенін тағы бір дәлелдейді.

 

Білімнің шамын жағып, сансыз жүрекке сәуле түсіріп келе жатқан барша ұстаздарымызға мың алғыс!

 

Сіздерге зор денсаулық, шығармашылық табыс, шәкірттеріңіздің ыстық алғысы мен құрметі әрдайым серік болсын!

 

Ұстаздар күні құтты болсын!

 

Ізгі тілекпен,
Нағи Ильясов атындағы №9 мектеп-гимназиясының директоры
Ибраев Бекзат Сағыңдықұлы