Нағи Ильясов атындағы № 9 мектеп -гимназиясында Қалалық Білім бөлімі мен Қалалық Кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен Қарттар күні мерекесіне орай , ” Қарттарын қадірлеген ел ардақты” атты мерекелік салтанатты жиын өткізілді.
 Мерекелік шараға
Облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасының орынбасары Шәменов Өмірбек Мөрәліұлы қатысты.
 Мерекелік іс шараның басында Кеңес Одағының Батыры, қоғам қайраткері Нағи Ильясовтың рухына тағзым етілді және бір минут үнсіздік жарияланып № 9 мектеп-гимназия директоры Ибраев Бекзат Сағындықұлы ардагерлерді құттықтап, одан әрі мектеп оқушыларынан құрылған ,,Нағитану” жобасымен қонақтарды таныстырды.
8-а сынып оқушылары жоба авторы Нұрсәуле Жалмағамбетованың ,,Нағитану “ жұмысын таныстырды.
Іс-шара одан әрі жалғасын тауып ,,Толық адам” ілімі негізінде құрылған бастауыш сынып оқушыларының әдеби-қойылымы көрсетілді.
Шарадағы тағы бір маңызды сәт ,,Ардагерлер бөлмесін” ашылу рәсімі болды. Одан кейін қонақтар мектептің акт залында жас өнерпаздардың ән шашуын тамашалап Ардагер ұстаздар жасалған құрметке зор ризашылықтарын білдіріп тарқасты.