Нағи Ильясов атындағы №9 мектеп-гимназиясында Қазақстан халқы Ассамблеясы мемлекеттік тілді этносаралық қатынас тілі және топтастырушы негіз ретінде ілгерілету мақсатында мектебіміздің оқушылары бүкіл Қазақстанмен бірге жалпыхалықтық диктантқа қатысты!
Бұл – тек қана жазу жаттығуы емес, туған тілімізге деген құрмет пен жүрекпен сезінген жауапкершілік.
Диктанттың биылғы мәтіні ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналды.
Абайдың әрбір сөзі – ұрпаққа өнеге, болашаққа бағдар.
Тілімізді құрметтеу – өзімізді құрметтеу.
Келешекке сеніммен қадам басу үшін мемлекеттік тілімізді бірге ұлықтайық!