5-қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері мерекесі қарсаңында Н.Ильясов атындағы №9 мектеп-гимназияда тағылымы мол шаралар өтті. 10 сынып оқушылары арасында «Тіл – татулық тірегі» тақырыбында тәрбие сағаттары ұйымдастырылды.
Бұл іс-шаралардың басты мақсаты – жас ұрпаққа тілдің қастерлі құндылық екенін ұғындыру, әр халықтың тіліне құрметпен қарауға тәрбиелеу. Себебі тіл – ұлттың рухы, халықтың жүрегі, ұрпақтарды біріктіретін алтын көпір.
Тәрбие сағаттарында оқушылар түрлі ұлт өкілдерінің мәдениеті мен тілінің байлығына қанығып, татулық пен достықтың ең басты тірегі – өзара сыйластық екенін жүректерімен сезінді. Әр баланың бойында Отанға деген сүйіспеншілік пен бейбітшілікті сақтауға үлес қосу ниеті қалыптасты.
Осылайша, тілдер мерекесіне орай өткен әрбір шара жас буынға бірлік пен ынтымақтың, татулық пен бейбіт өмірдің мәнін ұғындырған маңызды қадам болды.