🔔"Мың алғыс саған, мектебім!" атты түлектерге арналған салтанатты шара Нағи Ильясов атындағы №9 мектеп-гимназиясы | 23 мамыр 2025 жыл🔔
✨23 мамыр күні Нағи Ильясов атындағы №9 мектеп-гимназиясында ерекше толқыныс пен қуанышқа толы сәт – бітіруші түлектерге арналған "Мың алғыс саған, мектебім!" атты салтанатты шара өтті.
Шараны мектеп-гимназия директоры Ибраев Бекзат Сағындықұлы ашып, өз сөзінде түлектерге жүрекжарды тілегін арнады. Ол білім ордасының шәкірттері бүгінде өз арман-мақсаттарының соңынан еріп, үлкен өмірге қадам басқалы тұрғанын айтып, әрқайсысына жарқын болашақ пен табыс тіледі. "Мектеп – әр адамның өміріндегі алғашқы тұғыры. Біз сіздерге сенеміз. Бүгінгі түлек – ертеңгі ел тірегі!" деген керемет сөздерімен бітіруші түлектерге сенімін білдірді.
✨Шара барысында мектеп түлектері өз алғыстарын жүрекжарды өлең-жыр, би және ән шеруі арқылы білдірді. Мектеппен қоштасу сәті көпшіліктің көңілін босатып, ерекше әсерге бөледі.
✨Ата-аналар қауымы мен ұстаздар қауымы түлектерге деген жылы лебіздерін білдіріп, балаларына ақ баталарын берді.
✨Шараның әр сәті — мектеп қабырғасында өткен шуақты шақтардың естелігіне айналды. Бұл – шәкірт пен ұстаз, ата-ана мен бала арасындағы ерекше байланыстың, алғыстың, махаббат пен сенімнің мерекесі.
"Мың алғыс саған, мектебім!
Сен бізге қанат байладың, бағыт бердің, өмірге жол аштың!"