Бүгін Нағи Ильясов атындағы #9 мектеп - гимназиясында бастауыш сынып оқушылары арасында
" Салт - дәстүр рухани құндылық" тақырыбында мәдениет және ұлттық салт - дәстүрлер күніне орай іс - шара ұйымдастырылды.
Іс - шараның мақсаты: Қазақ халқының салт - дәстүрлері мен әдет - ғұрыптарының маңызын түсіндіру, олардың рухани және мәдени құндылық ретіндегі орнын көрсету.
Бірінші кезең Қыдыр атаның бата беруімен басталды.
(1 "А" сынып оқушысы Өмірсерікұлы Досжан)
Осы кезеңде 3"А" сынып оқушылары "Наурыз көктем" хорын орындап, шашу шашу рәсімі өткізілді.
Екінші кезеңде қазақтың салт - дәстүрлерін насихаттау мақсатында 4 "Ә" сынып оқушылары "Бесікке салу" рәсімін көрсетті.
1"Б" сынып оқушысы Жұмаділ Медина "Мереке" әнімен көпшіліктің қошеметіне бөленді.
Үшінші кезеңде салт - дәстүрді дәріптеу жұмысы әрі қарай жалғасын тауып бастауыш сынып мұғалімі Абсадыкова Айгүлдің ұйымдастыруымен
" Тұсау кесу" рәсімі орындалды.
" Тұсау кесу" рәсіміне ата - ананың рұқсатымен 1 жасар бүлдіршіннің тұсауы кесілді. 4 "А" сынып қыздары мың бұралған биімен мерекенің сәнін келтірді.
Төртінші кезеңде ұлттық құндылықтарымыздың маңызды бір бөлігі ұлттық ойындар: " Қол күрес",
" Асық ату" " Арқан тартыс " ойындары ойнатылды. Ұлттық ойындар көрсету кезінде балалардың белсенділігі жоғары болды.
5. Бүгінгі іс - шараны қорытындылау кезіңінде "Наурыз", "Наурыз көктем" әндері орындалды. Оқушыларға наурыз мерекесіне байланысты ақ тілектер айтылды.






