Нағи Ильясов атындағы 9 мектеп— гимназиясында "Тіл — ұлттың жаны, әдебиет — рухтың айнасы" тіл апталығына орай, бастауыш сыныптар арасында 13 ақпан күні "Қазақ тілінің керемет әлемі" тақырыбында іс шарасы өткізілді. *Іс шараның мақсаты:* оқушылардың көркем сөз оқуға деген қызығушылығын арттыру, мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру, "Толық адам" жобасын басшылыққа ала отырып Абайдың шығармаларын дәріптеу. Бұл шара ерекше рухани әсер сыйлады. Оқушылар Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін жатқа айтып, тәрбиелік мәнін бойларына сіңіре білді. Білім кемесімен саяхаттау арқылы әр түрлі кезеңдерден өтіп, өз мақсаттарына жете білді. Оқушылар мектебіміздің АЛҒЫС ХАТЫМЕН марапатталды.