Бүгін мектебіміздің бітіруші түлектері үшін маңызды әрі пайдалы кездесу өтті!
Қаламызға шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдары келіп, өз университеттері, мамандықтары және оқуға түсу талаптары туралы жан-жақты ақпарат ұсынды.
Кездесу барысында түлектер:
Мемлекетіміздегі және шетелдік университеттер туралы толық мағлұмат алды;
Мамандық таңдау бойынша кеңестер тыңдады;
Құжаттар мен талаптар туралы сұрақтарына нақты жауап алды.
Мектеп-гимназиямыздың директордың бейінді ісі жөніндегі орынбасары С.Сүйіндікова кәсіби бағдар беруде әрқашан оқушылар жанынан табылып, олардың болашаққа деген сенімін нығайтуда.
2 сағатқа созылған бұл маңызды кездесу – үлкен өмір жолының алғашқы баспалдағына қадам басқан түлектер үшін құнды мүмкіндік болды.
Естелік суреттер төменде!