Мектеп-гимназиямызда ғылыми академиялық дәрежесі бар педагогтердің іс-тәжірибе тарату мақсатында ұйымдастырылған "Үздіктен үйрен" жобасы үздіксіз түрде жалғасуда.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагогика ғылымдарының магистрі Ғани Гүлім Ғаниқызы 6 "Б" сыныбында "Ұлы Жібек жолы" тақырыбында ашық сабақ өткізіп, мектеп педагогтерімен өз тәжірибесін бөлісті.
Сабақ барысында:
Оқушылар тарихи-мәдени мұрамызға терең бойлады;
Интерактивті әдістер қолданылып, қызықты тапсырмалар орындалды;
Ұстаздар қауымы тиімді әдіс-тәсілдермен танысты.
Осындай кәсіби шеберлікпен бөлісу арқылы педагогтеріміздің біліктілігі артып, оқыту сапасы жоғарылай бермек!
Ғани Гүлім Ғаниқызына шығармашылық табыс тілейміз!