"Татулық пен шығармашылық үндестігі" сайысы өтті!
10 ақпан 2025 ж.
Нағи Ильясов атындағы №9 мектеп-гимназиясы
Қалалық білім бөлімінің тапсырмасымен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына және ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай орыс тілдерінде оқытылатын мектептер арасында "Татулық пен шығармашылық үндестігі" атты ерекше сайыс өтті!
Сайыстың мақсаты:
Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығын дәріптеу;
Қазақстан халқы Ассамблеясының татулық пен бірлікті нығайтудағы рөлін көрсету;
Өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілін меңгеру деңгейін көтеру және олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Сайыс 3 кезеңнен тұрды:
Креативті таныстыру – қатысушылар өздерін ерекше видеоролик арқылы таныстырды.
2️⃣ "Мұқағали жырлары – мәңгілік мұра" – жас дарындар ақынның өлеңдерін тебіренте оқыды.
3️⃣ "Достық жұлдызы" – түрлі этностардың ұлттық киімдері, тағамдары, салт-дәстүрлері бойынша білімдерін сынады.
Сайыстың әділқазылар алқасы:
- Пак Денис Сергеевич – "Қазақстандағы орыс қауымдастығы" ҚБ Қызылорда филиалының төраға орынбасары;
- Жанна Ержанқызы - қалалық білім бөлімінің әдіскері;
- Мизамбаева Роза – 211 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер:
9-сыныптар:
I орын– №198 орта мектебі, Гейдарова Лейсан
II орын – №9 мектеп-гимназия, Ким Анастасия
III орын– №5 мектеп-лицей, Нефедова Айым
8-сыныптар:
I орын – №198 орта мектебі, Пожимитье Екатерина
II орын – №9 мектеп-гимназия, Хан Карина
III орын – №112 мектеп, Кузубова Мария
Сонымен қатар, ерекше көзге түскен қатысушылар келесі номинациялармен марапатталды:
"Мұқағали мұрасын дәріптеуші"
"Тіл жанашыры"
"Өнерлі ұрпақ"
Барлық қатысушыларға Алғыс хаттар табысталды.
Бұл сайыс – достық пен бірліктің, қазақ тілінің ұлттар арасындағы көпір екендігінің дәлелі! Қатысушылардың өнері көрермендерді тәнті етіп, қазақ поэзиясының ұлы мұралары жаңа қырынан жарқырады.
Керемет сәттерден естелік суреттер төменде!






