Бүгін мектебімізде 10-11 сынып оқушыларына арналған "Мен таңдаған мамандық атты кездесу өтті. Бұл кеш оқушыларға болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға бағыт-бағдар беруге арналды.

Шараға түрлі салада табысты еңбек етіп жүрген мамандар қатысып, өздерінің тәжірибесімен бөлісті:

Қоспанов Самалбек Оразбайұлы – ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, Ботаникалық бақ және жылыжай шаруашылығының директоры, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің оқытушысы;

Алмас Әйгерім Ермекқызы – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің магистранты;

Еңсепов Асқар Әлиұлы – мектебіміздің түлегі, тарих ғылымдарының кандидаты, "Болашақ" университетінің оқытушысы;

Исламов Дінмұхаммед Аманұлы – мектебіміздің түлегі, Қызылорда қаласы бойынша электр жылу орталығының директоры, "Парасат" орденінің иегері.

Кешті мектебіміздің директоры *Ибраев Бекзат Сағындықұлы ашып берді.

Оқушылар әртүрлі маман иелерін тыңдап, көкейдегі сұрақтарын қойып, пайдалы кеңестер алды. Сонымен қатар, қызықты ойындар ойнап, болашақ мамандықтар туралы пікір алмасты.

Мамандық – өмірлік жолың! Бұл кеш оқушыларға өз армандарын жүзеге асыруға және дұрыс таңдау жасауға үлкен мотивация берді.