"Цифрлы әлемге кемел біліммен" - бір аптаға созылған білім мерекесінің жабылуы
27 - 31 қаңтар аралығында мектеп-гимназиямызда "Цифрлы әлемге кемел біліммен" атты математика, информатика және физика пәндерінің апталығы жоғары деңгейде өткізілді. Апталық барысында 5-11 сынып оқушылары толық қамтылып, түрлі форматтағы қызықты іс-шаралар ұйымдастырылды.
Апталықтың басты іс-шаралары:
27 қаңтар - "Көңілді үзіліс" интеллектуалды ойындарымен басталып, оқушылар қоңырау уақытын тиімді әрі қызықты өткізді. Сондай-ақ, есте қаларлық сәттерді сақтау үшін "Фотобудка" қызметі ұсынылды.

28 қаңтар - Зияткерлік және техникалық сайыстар күні:
- "IQ Battle: Зияткерлік үштік" сайысы (математика, информатика, физика пәндері бойынша)
- "Robo Battle" - роботтар асық ату жарысы
- "Ақылдың кілті - математика" интеллектуалды ойыны

29 қаңтар - Ашық сабақтар күні:
Мектеп мұғалімдері өздерінің үздік тәжірибелерімен бөлісіп, оқушыларды ғылымға тереңірек қызықтыру мақсатында ашық сабақтар өткізді.
- 7 "А" сыныбында - Математика (формулалар қолдану)
- 7 "Е" сыныбында - Физика (Паскаль заңы)
- 6 "А" сыныбында - Информатика (мәліметтер типтері)

30 қаңтар - Ғылыми-танымдық күн:
- "Білім берудегі цифрлық технологиялар мен АІ мүмкіндіктері" тақырыбында маңызды семинар өтті.
- 10 - 11 сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында "STEM саласындағы болашағыңыз" атты кездесу ұйымдастырылды.

31 қаңтар - Жабылу салтанаты және жеңімпаздарды марапаттау:
Апталықтың қорытынды бөлімінде барлық сайыс жеңімпаздары дипломдар, медальдар және арнайы сыйлықтармен марапатталды. Оқушылар тек білімі мен қабілетін сынап қана қоймай, бір-бірімен тәжірибе алмасып, өздерінің жаңа қырларын аша білді.

"Цифрлы әлемге кемел біліммен" апталығы - оқушыларға да, мұғалімдерге де ерекше мотивация беріп, ғылым мен технологияға деген қызығушылықты арттырған ауқымды шара болды! Болашақта да осындай білімге бағытталған іс-шаралар өз жалғасын табады.
Апталықтың жарқын сәттері мен жеңімпаздарды марапаттау рәсімін біздің парақшадан тамашалаңыз!