"Үздіктен үйрен" - педагогикалық шеберлікті арттыруға бағытталған жоба
Мектеп - гимназиямызда тұрақты түрде жүзеге асырылып келе жатқан "Үздіктен үйрен" жобасы педагогтердің кәсіби дамуын жетілдіруге және білім сапасын арттыруға үлкен үлес қосуда. Бұл жоба аясында барлық мұғалімдер мен ғылыми академиялық атағы бар педагогтер белсенді қатысып, өзара іс - тәжірибе алмасады. Оқытудың заманауи әдістерін меңгеріп, жаңа білім беру технологияларын тәжірибеге енгізу - жобаның басты мақсаты.
Жоба аясындағы ашық сабақ:
29 қаңтар күні математика пәні мұғалімі, педагогика ғылымдарының магистрі Төлеу Нұргүл 7 "Е" сыныбында "Решение задач с применением формул квадрата суммы и разности двух выражений" тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақтың ерекшелігі:
Жаңашыл әдіс-тәсілдер - оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, түсінікті әрі тиімді оқытуға бағытталды;
Белсенді оқыту стратегиялары - оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытатын интерактивті тапсырмалар қолданылды;
Қалыптастырушы бағалау - әр оқушының белсенділігін арттырып, өз деңгейін анықтауға мүмкіндік берілді;
Мұғалімдер үшін құнды тәжірибе - ашық сабаққа қатысқан әріптестер педагогикалық шеберлік пен әдістемелік жаңашылдықтарды меңгерді.
Бұл сабақ - тек оқушылар үшін ғана емес, жобаға қатысқан мұғалімдер үшін де үлкен тәжірибе алаңы болды. Мұндай іс-шаралар білім беру сапасын жақсартуға, ұстаздардың кәсіби деңгейін көтеруге және оқыту әдістерін жетілдіруге мүмкіндік береді.
"Үздіктен үйрен" жобасының маңызды сәттері мен қызықты тәжірибелерін біздің парақшадан тамашалаңыз!






