"Білім берудегі цифрлық технологиялар мен AI мүмкіндіктері" - жаңа дәуірге қадам!
29 қаңтар күні Цифрлы әлемге кемел біліммен" апталығы аясында және мектеп - гимназияның жылдық жоспарына сәйкес жүргізілетін "Үздіктен үйрен" жобасы аясында мектеп педагогтері үшін "Білім берудегі цифрлық технологиялар мен AI мүмкіндіктері" тақырыбында маңызды семинар өтті. Бұл семинарды педагогика ғылымдарының магистрі, информатика пәні мұғалімі Қаражанова Айнур жүргізді.

**Семинардың мақсаты** - заманауи цифрлық технологиялардың білім беру процесіне ықпалын түсіндіру, жасанды интеллекттің (AI) оқытудағы рөлін қарастыру және педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыру.

Семинардың негізгі бағыттары:
Цифрлық трансформация - білім беру жүйесіндегі жаңа технологиялардың маңызы;
Жасанды интеллекттің (AI) мүмкіндіктері - білім беруде AI құралдарын тиімді қолдану жолдары;
Интерактивті оқыту әдістері - сандық технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру;
Педагогтердің іс-тәжірибе алмасуы - семинар барысында тың идеялар мен практикалық әдістер талқыланды.

Бұл семинар - білім беру үдерісінің жаңа деңгейге көтерілуіне жасалған үлкен қадам! Жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар - болашақтың кілті. Сондықтан мұғалімдеріміздің заман ағымына ілесіп, жаңашыл әдістерді меңгеруі - сапалы білім берудің кепілі!
Семинардан үздік сәттер мен құнды материалдарды біздің парақшадан тамашалаңыз!