"STEM саласындағы болашағыңыз" - оқушыларға арналған кәсіби бағдарлау кездесуі
Бүгін 10 - 11 сынып оқушылары үшін "STEM саласындағы болашағыңыз" тақырыбында мамандық таңдау кездесуі өтті. Іс - шараға директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Сардарбекова Гүлнар, математика, информатика және физика бірлестігінің жетекшісі Ерғалиева Мұхаббат, сондай - ақ директордың бейінді ісі жөніндегі орынбасары Сүйіндікова Сағыныш қатысты.

Кездесу барысында оқушылар STEM (Science, Technology, Engineering, Mathematics) бағытындағы мамандықтар туралы жан - жақты ақпарат алды. Спикерлер болашақтың мамандықтары, жаңа технологиялардың мүмкіндіктері және еңбек нарығындағы сұраныстар туралы айтып, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Оқушылар қызығушылық танытып, сұрақтар қойып, кездесуден көптеген пайдалы мәліметтер алды. Мұндай кездесулер оқушыларға кәсіби бағдар алуға және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға үлкен мүмкіндік береді.
STEM саласына қызығатын жас таланттарымызға сәттілік тілейміз!