Құттықтаймыз
2025 жылы 28 - 29 қаңтар күндері Қызылорда облысы, Арал қаласында Қызылорда облысының білім басқармасы, Тәрбие, спорт және қосымша білім беру орталығының жылдық іс - шаралар жоспарына сәйкес, алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні оқытушы - ұйымдастырушылары арасында тұңғыш рет облыстық волейбол спорттық жарысы болып өтті. 

АӘТД пәні оқытушы - ұйымдастырушылары арасында салауатты өмір салтын насихаттау, волейбол спортын дамыту және үздік командаларды анықтау мақсатында ұйымдастырылды.

Облыстық жарысқа Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандары және Қызылорда қаласынан командалар қатысып бақтарын сынады.

Облыстық жарыс қорытындысымен АӘТД пәні оқытушы - ұйымдастырушыларымен жасақталған Қызылорда қаласы командасы жүлделі ІІІ - орын иемденді. Команда жетекшісі №9 мектеп - гимназиясының алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні оқытушы - ұйымдастырушысы А. Жалғасбаев.