"Цифрлы әлемге кемел біліммен" - математика және ғарыш әлемі тоғысқан ашық сабақ
29 қаңтар күні "Цифрлы әлемге кемел біліммен" апталығы аясында математика пәні мұғалімі Сүлейменқызы Аружан 7 "А" сыныбында "Екі өрнектің қосындысының және айырымының квадратының формулалары" тақырыбында жоғары деңгейде ашық сабақ өткізді.
Сабақтың ерекшелігі:
Пәнаралық байланыс: Математикалық формулалар ғарыш әлемімен байланыстырылып, оқушыларға жаңа әрі қызықты форматта түсіндірілді.
Құрылымды және мақсатқа сай әдіс - тәсілдер: Сабақ оқушылардың логикалық ойлауын, зерттеушілік дағдыларын және көшбасшылық қабілеттерін дамытуға бағытталды.
Инновациялық технологиялар: Оқушылар VR технологиясы арқылы алған білімдерін визуалды түрде көзбен көріп, материалды терең меңгеруге мүмкіндік алды.
Бұл сабақ - цифрлық технологиялар мен білімді ұштастыра отырып, оқушылардың қызығушылығын арттырудың тамаша үлгісі болды! Инновациялық әдістерді қолдану оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырып, білімді өмірмен байланыстырудың маңыздылығын көрсетті.
Сабақтың әсерлі сәттері мен оқушылардың ерекше жетістіктерін біздің парақшадан тамашалаңыз!






