"Robo Battle" - роботтар жарысы және ұлттық құндылықтың үйлесімі!
Бүгін "Цифрлы әлемге кемел біліммен" апталығы аясында 5 - 6 және 8 - 9 сынып оқушылары арасында ерекше шара - "Robo Battle" роботтар жарысы ұйымдастырылды. Бұл жарыс оқушылардың техникалық дағдыларын дамытуға ғана емес, сондай - ақ ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталды.
Сайыстың ерекшелігі: Роботтар жарысында оқушылар өз қолдарымен құрастырған роботтар асық ату ойыны арқылы сайысты! Бұл - заманауи технология мен қазақтың ұлттық мәдениетінің тамаша үндестігі.
Сайыс барысында:
- Роботтарға пәрмен беру, олардың дәлдікті сақтауы, асықты шеңберден шығару сияқты күрделі критерийлерді оқушылар жоғары деңгейде орындауға тырысты.
- Жарыстың әділ өтуін арнайы төрешілер қадағалады, ал оқушылар өз шеберліктері мен жылдам ойлау қабілеттерін барынша көрсетті.
"Robo Battle" - заманауи технологияларды ұлттық құндылықтармен ұштастырып, оқушылардың шығармашылық және техникалық қабілеттерін дамытуға арналған ерекше мүмкіндік! Бұл шара STEM саласына қызығушылықты арттырып, болашақ инженерлер мен жаңашылдардың жаңа буынын қалыптастыруға үлкен қадам жасады
Шараның қызықты сәттері мен жарқын естеліктерін біздің парақшадан қарап, оқушыларымыздың жетістіктеріне куә болыңыз!






