"IQ Battle: Зияткерлік үштік" - білім мен зияткерліктің жарысы
"Цифрлы әлемге кемел біліммен" апталығының аясында бүгін, 28 қаңтар күні, 8 - 9 сынып оқушылары арасында "IQ Battle: Зияткерлік үштік" сайысы ұйымдастырылды. Бұл ерекше сайыс оқушылардың математика, информатика және физика пәндері бойынша терең білімін тексеріп қана қоймай, олардың жылдам ойлау, логикалық шешім қабылдау қабілеттерін шыңдауға бағытталды.

Сайыс 4 кезеңнен тұрды, әр кезеңде оқушылар пәндер бойынша түрлі күрделі сұрақтарға жауап беріп, білімдерін шыңдап, өзара жарысты. Мұндай интеллектуалды жарыстар оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, бәсекелестік рухын қалыптастырады. Сонымен қатар, көшбасшы қасиеттерін дамытуға да септігін тигізеді.

Жеңімпаздар анықталды!

- 1 орын - 9 "Б" сыныбы
- 2 орын - 8 "А" сыныбы
- 3 орын - 8 "Б" сыныбы

Бұл сайыс - болашақта ғылым мен технология саласын игеретін дарынды оқушыларды айқындайтын керемет мүмкіндік! Осындай шаралар оқушылардың өз қабілеттерін жетілдіріп, білімге деген құштарлығын арттыруға ықпал етеді.
Оқушыларымыздың ерекше жетістіктері мен жарқын сәттерін біздің парақшадан тамашалаңыз!