Тамақтану сапасына мониторинг
22 - қаңтар күні мектебімізде тамақтану сапасына мониторинг жүргізілді. Бұл шараға медицина қызметкері,мектеп әкімшілігі және ата - аналар комитетінің өкілдері қатысып, оқушылардың тамақтануын жан - жақты бақылап, бағалады.
Тексеру барысында комиссияның назарында болды:
- Асхана жұмысы және тамақтанудың дұрыс ұйымдастырылуы;
- Тағам өнімдерінің сапасы, құрамының ас мәзіріне, балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкестігі;
- Асхана қызметкерлерінің жеке гигиена ережелерін сақтау жағдайы, санитарлық кітапшалары мен құжаттардың талапқа сәйкестігі.
Қаралған мәселелер:
- Тағамдардың сапасы мен порция мөлшерінің балалар санына сәйкестігі;
- Аспазшылардың тағам дайындау технологиясына сәйкес жұмыс істеуі;
- Жеткізілген тамақ өнімдерінің жарамдылығы, шикі зат өнімдерінің сертификаттары және ас мәзірінің дұрыс жасалуы.
Мониторинг нәтижесінде:
- Оқушылардың тамақтануына толық жағдай жасалған және санитарлық - гигиеналық талаптарға сай;
- Бекітілген ас мәзірі бойынша дайын тағамдардың дұрыс салынуы мен шығымы оң нәтиже көрсеткен;
- Тәуліктік сынамаларды алу және тағамдардың сақтау талаптары қамтамасыз етілген.
Қорытынды: Оқушыларымыздың дұрыс тамақтануы, олардың денсаулығы - басты назарда. “Дұрыс тағам - денсаулық негізі!”
View the embedded image gallery online at:
https://9sh-gimnziya-edu.testim.kz/kz/zhanaly-tar/433-tama-tanu-sapasyna-monitoring.html#sigFreeIdc6762d8870
https://9sh-gimnziya-edu.testim.kz/kz/zhanaly-tar/433-tama-tanu-sapasyna-monitoring.html#sigFreeIdc6762d8870






