Н.Ильясов атындағы № 9 мектеп - гимназиясында 24 қаңтар күні жалпы мектепішілік ата - аналар жиналысы болып өтті. Жиналыста мектеп - гимназия директоры Ибраев Бекзат Сағындықұлы ата - аналарды жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және болдырмау мақсатында мектеппен үнемі тығыз байланыста болуға шақырды. Жиналыс барысында оқушылардың бірінші жартыжылдық бойынша білім сапасы, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және болдырмау (буллинг, интернет алаяқтық, лудомания, вандализм), жасөспірімдердің тиым салынған түнгі уақытта заңды өкілінсіз жалғыз жүруі, үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс мәселелері айтылды, жол қауіпсіздігі ережелері түсіндірілді. Үштік одақ (мұғалім, оқушы, ата - ана) жұмысын нығайту мақсатында ата - аналар пән мұғалімдерімен кездесіп, балаларының оқу үлгерімі жөнінде ақпарат алды.