Қаржылық сауаттылық - қаржылық табыстың кепілі

Н.Ильясов атындағы № 9 мектеп - гимназиясында 24 қаңтар күні 10 «А» сыныбында «Қаржылық сауаттылық» тақырыбында сынып сағаты өтті. Сынып жетекшісі С.Абдрасилова оқушыларға дүниелік даналық қазынасы ақшаны жинақтаудың және жұмсаудың жолдарын түсіндіріп, пайдалы мағлұматтар берді.

Сынып сағатының мақсаты: оқушылардың қаржылық сауаттылық туралы білімдерін арттыру, танымдық белсенділіктері мен шығармашылық қабілетін, сыни ойлауынжәне өзгермелі сыртқы жағдайларға бейімделу қабілетін дамыту