Мектебімізде 21 қаңтар күні Облыстық дін істері басқармасының "Дін мәселелерін зерттеу орталығының" мамандары "Дін және дәстүр" тақырыбында оқушыларға дәріс өткізді.

Қазіргі кезде жастар арасында діни адасушылық салдарынан өмірлері қасіретке айналуда. Бұл дәрістің мақсаты жастарды тура жолға бағыттау болды. Орталық мамандары оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Жастарымыздың адаспай, иманды болып өсуіне аталған кездесудің маңызы зор.