Құттықтаймыз! Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық пәндік олимпиаданың облыстық кезеңінде №9 мектеп-гимназияның оқушылары өз білімдерін жоғары деңгейде дәлелдеп, үздіктер қатарынан көрінді!

Барсигиян Злата – 11-сынып оқушысы, орыс тілі пәні бойынша жүлделі І орын иеленді.
Жетекшісі: орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Амандыкова Гүлнар Балқашовна.

Болдышева Карина – 11-сынып оқушысы, орыс сыныптарындағы қазақ тілі пәні бойынша ІІІ орын иеленді.
Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Шуақбаева Гүлдана Науқанбаевна.

Мектеп-гимназия директоры Бекзат Сағындықұлы олимпиада жеңімпаздары мен олардың жетекшілерінің жетістігін ерекше бағалап, оқушылар арасында жеңістерді ұлықтады. Бұл жеңіс – ұстаз бен шәкірттің тынымсыз еңбегі мен жоғары жауапкершілігінің нәтижесі.

Жеңімпаздарымызды және олардың жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындыруларыңызға тілектеспіз!