“Сөйлеуге дейін қандай дайындық қажет?” тақырыбында дөңгелек үстел

Бүгін Н.Ильясов атындағы №9 мектеп-гимназиясында оқу ісі жөніндегі орынбасар Шынар Махсутовна мектеп педагогтеріне арналған “Сөйлеуге дейін қандай дайындық қажет?” тақырыбында мазмұнды дөңгелек үстел өткізді.
Мақсаты:
Оқушылардың сөйлеу мәдениетін арттыру, олардың ойлау және жеткізу қабілеттерін дамыту бойынша мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсету. Мұғалімдерге сөйлеуге дайындықтың негізгі қадамдарын түсіндіре отырып, кәсіби диалог құруға қажетті тиімді әдіс-тәсілдерді ұсыну.
Іс-шара барысында педагогтер оқу процесіндегі қарым-қатынас пен тіл шеберлігін жетілдіру бойынша құнды мәліметтер алып, пікір алмасты. Әсіресе, оқушылардың сөйлеу дағдыларын дамытуда дайындық кезеңінің маңыздылығы ерекше атап өтілді.