"Робототехника: Болашаққа бағытталған білім" Қысқы демалыс – жаңа білім мен тәжірибе алу уақыты!

№9 мектеп-гимназиясында информатика пәнінің мұғалімі Төлегенов Бағдат оқушылар мен мұғалімдерге арналған ерекше шеберлік сағатын өткізді. Шараның басты тақырыбы – робототехника.
Оқушылар заманауи технологиялардың мүмкіндіктерімен танысып, робот құрастыру және оларға арнайы бағдарламалар жазу арқылы практикалық дағдыларын жетілдірді. Бұл шара олардың логикалық ойлауын дамытып, STEM саласына деген қызығушылығын арттырды. Осы уақытқа дейін робототехника саласы бойынша түрлі сайыстарда алынған оқушылардың жетістіктерінде айта өтіп, мемлекет тарапынан заманауи технологияларды қолдаудың көп екендігінде дәлелдеді.
Робототехника – болашақтың білім көкжиегін кеңейтетін сала. Осындай шаралар оқушыларды инновациялық жобаларға шабыттандырып, заманауи технологияларды меңгеруге мүмкіндік береді.