"PISA-2025 халықаралық зерттеуіне дайындық жүйесі" тақырыбындағы семинар

Бүгін №9 мектеп-гимназиясы базасында білім сапасын халықаралық деңгейде бағалайтын PISA-2025 зерттеуіне дайындықты жетілдіру мақсатында мазмұнды семинар өтті.
Семинардың мақсаты: зерттеу тапсырмаларының құрылымын түсіндіру, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған әдістемелік қолдауды қамтамасыз ету және тиімді дайындық жүйесін қалыптастыру.
Семинар барысында:
PISA зерттеулерінің маңыздылығы мен оның білім беру жүйесіне әсері талқыланды;
Оқу, математикалық және жаратылыстану ғылымдары бойынша функционалдық сауаттылықты арттыру әдістері қарастырылды;
Зерттеуге дайындық барысында Садыкова Эльмира , Жусупбекова Айгүл, Алданазарова Гүлзат функцияналдық сауаттылық, дамытушы жобалық тапсырмалар туралы талқылап,пайдалануға болатын озық тәжірибелер мен нақты ұсыныстарды ортаға салды.
Семинар педагогтерге оқушылардың жаһандық құзыреттіліктерін қалыптастыру жолында жаңа идеялар мен тиімді құралдарды ұсынуымен ерекшеленді. Алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстар қарқынды түрде жалғасатын болады.