Педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру: үздіксіз даму мен озық тәжірибеге қадам" шеберлік сағаты

5 қаңтар күні №9 мектеп-гимназиясы мен №178 орта мектеп педагогтері арасында бірлескен шеберлік сағаты өтті. Бұл іс-шара «Баршаға қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасының жұмыс жоспары аясында ұйымдастырылып, тәжірибе алмасу алаңы ретінде ерекше маңызға ие болды.
Шеберлік сағатының мақсаты – педагогтердің кәсіби шеберлігін жетілдіру, үздіксіз дамуға бағытталған жаңа әдіс-тәсілдермен бөлісу және оқыту тәжірибесінде озық үлгілерді енгізу.
Іс-шара барысында:
Қалалық инновациялық мектептер мен елді мекендегі мектептер арасындағы тиімді ынтымақтастықты дамыту;
Заманауи педагогикалық әдіс-тәсілдерді енгізу жолдары қарастырылды;
Сабақ беру процесін жетілдіруге арналған озық тәжірибелер ұсынылып, талқыланды.Бірлесе атқарылған жұмыс қатысушыларға жаңа серпін беріп, кәсіби дағдыларын шыңдауға зор мүмкіндік жасады. Педагогтеріміз алдағы уақытта да осындай маңызды кездесулер арқылы білім беру сапасын арттыру жолында үздіксіз жұмыс істейтін болады.