Мектебімізде Жаңа Жыл мерекесіне орай «Жап-жаңа 2025 жыл» атты кеш өтті.


"Миф" бірлестігі мен кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен өткен кешімізді мектеп директоры Ибраев Бекзат Сағындықұлы ашып, ұжымдастарды келе жатқан жаңа Жылан жылымен құттықтап сәттілік пен табыс тіледі. Мектептің кәсіподақ ұйымының төрайымы Оспанова Амина Умирбекқызы оқу жылында шәкірттерін олипиадаға даярлап, жетістікке қол жеткізген әріптестерді құттықтап, кәсіподақ тарапынан ақшалай сый ақылар табыстады. Сонымен қатар мектебіміздін "Жыл үздігі" атанған ұстаздарды мектеп директоры марапаттады.


Бұл марапаттаулар ұстаздық еңбек жолындағы мықты біліктілік пен тәжірибеге берілген жоғары бағаның дәлелі.
Кеш соңы көңілді концерттік-карнавалдық шараға ұласты. Барша ұжымжастарды және жеңімпаз әріптестерді Жаңа Жыл мерекесімен тағы да құттықтай отырып, отбасылық бақыт, еңбекте жеміс, шығармашылықта табыстар тілейміз!

 

#9mektep
#bilimkzo