🔰Мектебімізде 27 желтоқсан күні оқушылардың қысқы демалысқа шығуларына байланысты жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Э.Ералиева ата-аналарды қысқы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен таныстырып өтті. Сонымен қатар мереке қарсаңындағы отшашулардың зияны, пиротехниканың қауіпті заттар екенін және оларды ересектердің қарауынсыз қолдануға болмайтыны жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізіліп, видеороликтер көрсетілді.

🔰Сонымен қатар ата-аналарға балаларын демалыс кезінде алыс аймақтарға жібермеуі қатаң тапсырылды. Түнгі мезгілде кәмелетке толмаған балалардың беймезгіл уақытта көшеде ересек адамдарсыз жүруіне қатаң тиым салынғандығы айтылды. Қысқы демалыс кезінде баланың уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасалып, үнемі ата-ана қадағалауында болу керек екендігі ескертілді. Жиналыс соңында ата-аналарға қысқы қауіпсіздік ережелері орналастырылған QR код таратылды.