Н.Ильясов атындағы 9 мектеп-гимназиясында 23-24 желтоқсан күндері бастауыш сынып оқушыларына арналған жаңа жылдық мерекелік кеш өтті. Жөні де, орны да бөлек, әрі сән-салтанатымен, жоғары көңіл-күймен өтетін жаңа жыл кешін балалардың жүрегінде мәңгі сақталатындай етіп өткізу мектеп-гимназия әкімшілігі мен мұғалімдер үшін үлкен міндет, әрі абыройлы іс болып табылады. Аталмыш шараға мектеп-гимназияның жас мамандары белсене араласып, театрландырылған шоу көрсетіп, балалардың көңіл-күйін көтерді. Әртүрлі кейіпкерлердің киімін киіп келген балалар думанды кешке атсалысып, ән салып, би билеп, өнерлерімен ерекшеленуге тырысты. Аяз ата мен Ақшақар өнерлерін көрсеткен бүлдіршіндерге сыйлықтарын беріп, көңілдерін көтеруге тырысып бақты. Мектеп-гимназия басшысы Ибраев Бекзат Сағындықұлы сөз кезегінде барша ұстаздар қауымын және бастауыш сынып оқушыларын Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
https://9sh-gimnziya-edu.testim.kz/kz/zhanaly-tar/398-osh-keldi-zha-a-zhyl-2.html#sigFreeId10eb18892a






