☑️Бүгін, 25 желтоқсан күні, қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен 9-11 сынып оқушылары арасындағы республикалық пәндік олимпиаданың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. ☑️Салтанатты шараның шымылдығын ашқан қалалық білім бөлімінің басшысы Жанат Мылтықбаевна заманауи дәуірде "білім" мен "еңбектің" ерекше маңызға ие екенін атап өтіп, облыстық кезеңге жолдама алған жас дарындарға сәттілік тіледі. ☑️Біздің мектеп-гимназияның оқушылары да жеңіс тұғырынан көрініп, қажырлы еңбектің жемісін дәлелдеді. Бұл жеңіс — шәкірттердің білімге деген ұмтылысы мен жетекшілерінің тынымсыз еңбегінің нәтижесі.

Жеңімпаздарымызды мақтан тұтамыз:

🏆 1 орын

  • Орыс тілі пәні: Барсигиян Злата (11 сынып), жетекшісі Амандыкова Гүлнәр
  • Орыс сыныптарындағы қазақ тілі: Болдышева Карина (11 сынып), жетекшісі Шуақбаева Гүлдана

🥈 2 орын

  • Қазақ сыныптарындағы орыс тілі: Айдос Жанель (10 сынып), жетекшісі Шакирова Торғын
  • Математика: Сапаралиев Мейіржан (10 сынып), жетекшісі Әжібекова Гүлмира
  • Биология: Темірбеков Өмірбек (9 сынып), жетекшісі Алданазарова Гүлзат
  • Қазақ тілі мен әдебиеті: Мухамбетова Уазипа (11 сынып), жетекшісі Накипова Аманкүл
  • Қазақстан тарихы: Досболұлы Дәулет (9 сынып), жетекшісі Жамишева Айгүл

🥉 3 орын

  • Биология: Ибашова Аяна (11 сынып), жетекшісі Дәуренқызы Салтанат
  • Орыс тілі: Пак Анастасия (9 сынып), жетекшісі Ильичева Валентина
  • Ағылшын тілі: Серікбаев Досымжан (10 сынып), жетекшісі Дарменбаева Қарлығаш
  • Қазақстан тарихы: Баранова Алина (10 сынып), жетекшісі Жарекеева Айгүл
  • География: Маратұлы Ернұр (9 сынып), жетекшісі Төреш Ардақ

🎖️ Алғыс хат

  • Орыс сыныптарындағы қазақ тілі: Аниканова Алена (10 сынып), жетекшісі Қожахметова Бейбіткүл

Барлық жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Сіздер білім нәрімен сусындап, биік шыңдарды бағындыру жолында баршамызға үлгі болдыңыздар. Әрқайсыларыңызға жаңа жеңістер мен сәттілік тілейміз!