✅ 1"А", 1"Ә", 1"Б" сыныптарында "Әліппе әлемі - әріппен әдемі", 1"В", 1"Г", 1"Д" сыныптарында "Праздник букваря" тақырыбында іс-шаралар ұйымдастырылды. ✅ Алғашқы білім жолындағы маңызды кезең - әліппемен қоштасу рәсімінің мақсаты оқушылардың болашаққа, білім алуға талпыныстарын дамыту, ұлттық құндылықтарды бойларына сіңіре отырып әсемдікке, бейімділікке, әдептілікке тәрбиелеу. ✅ Мерекелік іс-шарада 1-сынып бүлдіршіндері білім мен өнердегі өз жетістіктерін түрлі қойылымдар, ойындар арқылы көрсетіп, ән мен биден шашу шашты. ✅ Білімнің алғашқы баспалдағын сәтті бастаған жас бүлдіршіндерге: "Қанаттарың талмасын!" дейміз.