Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылатын іс-шаралар жоспарына сәйкес 12 желтоқсан күні Н.Ильясов атындағы №9 мектеп-гимназиясында қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің ұйымдастыруымен "Тәуелсіздік - тұғырым" атты мерекелік іс-шара өтті.

Іс-шараның мақсаты: егемендігіміздің қадір-қасиетін ұлықтап, өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру.

Шара барысында қатысушылар еліміздің тарихына шолу жасап, азаттық жолында құрбан болған батырларды еске алды. Сонымен қатар, шығармашылық ұжымдар мен өнерпаздар патриоттық сайыс бойынша додаға түсіп, ұлттық би билеп, рухты көтеретін өлеңдер оқылды. Қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізілген кеш жоғары деңгейде өтті.

Мерекелік кеш қонақтары Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін еске алып, ел болашағы үшін аянбай еңбек еткен ұстаздардың жетістіктері марапатталды.

Тәуелсіздік - біздің басты құндылығымыз.

Осындай іс-шаралар жастарға ел тарихын тереңірек түсініп, ұлттық сананы нығайтуға мүмкіндік береді. Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын!