Нағи Ильясов атындағы №9 мектеп-гимназиясы бастауыш сынып ұстаздарының «Бастауыш сынып оқушыларының ынтасы мен табысындағы бағалаудың рөлі» тақырыбында қалалық семинар болып өтті.
Бастауыш сынып оқушыларының оқуға деген ынтасын арттыру және табысты оқуын қамтамасыз етудегі бағалау жүйесінің маңызын түсіндіру, мұғалімдерге тиімді бағалау әдістерін үйрету арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын, өзіне деген сенімін және шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал ету мақсатына құрылған семинар кең дәрежеде жүргізілді.
Семинарға қала мектептерінен бастауыш сынып мұғалімдері, қалалық бастауыш сынып бірлестік жетекшісі Гүлжан Әбдіхалыққызы, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша Кәсіби даму институты Педагогика және пәндік әдістер кафедрасының аға оқытушысы Ахметова Жаннат Акбаровна қатысты. Қонақтарды қарсы алу рәсімі «Ертегілер әлемін өз қолымызбен» тақырыбындағы көрмені және «Шулы оркестр» көрінісін тамашалаумен басталып, ашылу салтанатында «Толық адам» композициясы қойылды.
Семинарды №9 мектеп-гимназия директоры Ибраев Бекзат Сағындықұлы ашып берді. Мектеп басшысы семинардың жүргізілуіндегі ерекшеліктерге тоқталып, мұғалімдерге сәттілік тіледі.
Бастауыш сынып ұстаздары биылғы оқу жылын үш бағытта - жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық бағыты және ұлттық құндылықтарды дәріптеу жұмыстарымен жүргізді. Осы жасалып, бір жүйеге түскен іс-тәжірибелерді әріптестерімен бөлісу, ортаға салу жұмыстары басымдық танытты.
Семинардың теориялық бөлімінде Сатбаева А., 2 «А» сыныбында «Отанымды сүйемін. Отан туралы» Әдебиеттік оқу (Multimedia Lesson), Сатан Г., 4 «А» сыныбында «Оқуға құштар» жобасы аясында С.Досжанованың балаларға арналған шығармашылығынан (Digital Resource - Based Learning), Абсадыкова А.Б. 4 «В» сыныбында «Свойства веществ» Естествознание (Practical or Laboratory Lesson), Мирко А.Н. 3 сыныптар арасында «START bala» инновациялық жоба ZERDELI ақыл-ой дамыту тапсырмалары бойынша жұмыс түрі, Садыкова Т.М. 3 «Г» сыныбында Әдебиеттік оқу «PIRLS» халықаралық зерттеуі тапсырмалары аясында ашық сабақтар көрсетті.
Семинардың тәжірибе бөлімінде Байжігітова А.Е. «Бастауыш сыныптарда білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру» тақырыбы бойынша коучинг, Омарбекова А.Ж. «Сыртқы бағалау ерекшеліктері ББЖМ - не дайындық» шебер-класс өткізді. Семинардың шығармашылық бөлімінде Альжанбаева А.Н. және Сопбекова М.Б. ата-ана-оқушы-мұғалім арасындағы үштік одақпен «Біртұтас тәрбие» жобасы аясында Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа» шығармасындағы адамгершілік, жауапкершілік қасиеттер көрінісі бойынша сайыс сабақ өткізді.
Қорытынды бөлімде семинар қонағы, «Өрлеу» Акционерлік қоғамының филиалы Қызылорда облысы бойынша Кәсіби даму институты Педагогика және пәндік әдістер кафедрасының аға оқытушысы Ахметова Жаннат Акбаровна мектеп басшысы Б.С. Ибраев пен семинардың ұйымдастырушысы Г.К. Палмаганбетоваға алғысын білдіріп, өтілген іс-шараға жоғары баға берді. Алдағы уақытта осындай жүйелі жұмыстарды облыстық көлемде өткізуге ұсыныс жасады.
Ұстаз еңбегі жас ұрпаққа оқыту мен тәрбие жұмысын жүргізуде ұшан-теңіз. Жаңашыл ұстаздарға қызығы мен қиындығы қатар жүретін еңбек жолдарыңыз шығармашылық табыс пен сәттілікке толы болсын демекпіз!
https://9sh-gimnziya-edu.testim.kz/kz/zhanaly-tar/384-bastauysh-synyp-m-alimderi-seminar-jymdastyrdy.html#sigFreeId4026ec6718






