Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылатын іс-шаралар жоспарына сәйкес, 12 желтоқсан күні Н. Ильясов атындағы №9 мектеп-гимназиясы кітапханасында «Тәуелсіздік белестері» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесінің мақсаты - ата-бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезім мен Отанға деген сүйіспеншілікті ояту. Көрмеге 1986 жылғы желтоқсан көтерілісінің себеп-салдары мен оқиғаның өрбу барысы, оған қатысушылар туралы құжаттар, желтоқсан көтерілісін баяндайтын кітаптар, сондай-ақ еліміздің тәуелсіздік алған кезінен бастап бүгінге дейінгі жүріп өткен жолы туралы баспадан шыққан басылымдар қойылды.
https://9sh-gimnziya-edu.testim.kz/kz/zhanaly-tar/382-t-uelsizdik-belesteri-ta-yrybynda-kitap-k-rmesi.html#sigFreeIdfeb2438bd2






