11 желтоқсан күні мектеп-гимназия директоры Бекзат Сағындықұлы гимназия мұғалімдерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында пәндік олимпиаданың қорытындысы талқыланып, оның нәтижелерін жақсарту жолдары қарастырылды.
Кездесудің мақсаты:
Мұғалімдердің пәндік олимпиадаға дайындау тәжірибесін талдап, білім сапасын арттыруға бағытталған нақты шараларды айқындау.
Өзектілігі:
Пәндік олимпиадалар - оқушылардың білім деңгейін, логикалық ойлау қабілетін және шығармашылық әлеуетін анықтауға мүмкіндік беретін маңызды құрал. Олимпиада нәтижелерін саралау арқылы мұғалімдердің әдістемелік шеберлігін жетілдіру және оқушылардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру негізгі міндет болып табылады.
Күтілетін нәтиже:
Олимпиада қорытындылары бойынша күшті және әлсіз жақтарды анықтау.
Мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсету және келесі кезеңге дайындық жоспарын әзірлеу.
Оқушылардың білім сапасын жаңа деңгейге көтеру үшін бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру.
Бұл кездесу гимназия ұжымының кәсіби дамуында маңызды қадам болып табылады. Білім сапасын жақсарту жолында бірлескен күш-жігер нәтижесінде үлкен жетістіктерге қол жеткіземіз!