10 желтоқсан күні мектеп-гимназия директоры Бекзат Сағындықұлының жетекшілігімен Жастар кеңесі мүшелерімен мазмұнды кездесу өтті. Бұл шараның басты мақсаты - жастардың мектеп өміріндегі белсенді рөлін айқындау, олардың көшбасшылық қабілеттерін дамыту және Жастар кеңесінің жұмысын жетілдіру болды.

Кездесу барысында жастардың идеялары тыңдалып, жылдық жоспарлар талқыланды. Әрбір жастың жеке даму жоспары құрылып, олардың болашаққа деген мақсаттары нақты анықталды. Жастар мектептің мәдени-спорттық, шығармашылық және оқу үдерісіндегі белсенділігін арттыруға бірауыздан уәде етті.

Бұл кездесуде Жастар кеңесінің мектептің негізгі қозғаушы күші екені айқын дәлелденді. Олар тек мектеп өмірінің ажырамас бөлігі ғана емес, болашақтың жарық сәулесі екендігін көрсетті. Мектеп директоры Бекзат Сағындықұлы жастардың бастамаларын әрдайым қолдауға және олардың дамуына қажетті жағдай жасауға дайын екенін атап өтіп, үлкен мотивация берді.

"Жастардың күші - мектептің дамуы, ал мектептің қолдауы - жастардың табысы!" деп қорытындыланған бұл кездесу алдағы жылға үлкен сенім мен жаңа серпін сыйлады.

Біз жастарымызға сенеміз! Олармен бірге мектебіміз жаңа биіктерге жетері сөзсіз!