Мектебімізде 6 желтоқсан күні «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың,есіріткіге тәуелділіктің, вейптің, уытқұмарлықтың, зорлық-зомбылықтың, жыныстық қолсұғушылықтың, суицидтің, буллингтің, лудомания, бопсалау және жол көлік оқиғаларының алдын алу, ұрлық қылмысы, интернет алаяқтығының алдын алу, түнгі уақытта балалардың заңды өкілінсіз жүрмеуі, жаңа жылдық пиротехникалық заттарды қолданбау» тақырыбында мектеп оқушыларына түсіндірме жұмыстары жүргізілді. ЖПҚБ ЮПБ-ның УПИ-ры қызметкерлері полиция майоры Н.Осипов, полиция аға лейтенанты Е.Жалғас пен мектеп-гимназияның директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Э.Ералиева аталған тақырып бойынша балаларға құқықтық түсіндірме жұмысын жүргізіп,слайдтар мен бейнероликтер көрсетіп, ақпараттандырды.






