6 желтоқсан күні мектеп-гимназия бітіруші түлектерімен 2025 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) дайындық және оның негізгі ережелері талқыланған мазмұнды кездесу өтті.

Биыл мектебімізді 84 оқушы аяқтайды. Бұл - олардың өмірлік жолын айқындайтын маңызды кезең. Кездесу барысында ҰБТ-ның жаңа форматтағы ережелері, таңдау пәндерін дұрыс анықтау, шекті баллдардың талаптары мен тестілеудің уақыты жан-жақты түсіндірілді.

Кездесудің мақсаты - оқушыларды алдағы үлкен сынаққа моральдық және ақпараттық тұрғыда дайындау, маңызды сұрақтарына жауап беру және сенімді қадам жасауға бағыттау. Мектеп-гимназия директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Гүлнар Бакитовна ҰБТ-ға тиімді дайындалу әдістері мен стратегиялық кеңестер берді. Әр түлекке жеке жауапкершілік пен уақытты басқарудың маңыздылығы ерекше атап көрсетілді.

Бұл кездесу бітірушілер үшін білім алуға деген ынтаны арттырып, болашаққа сенімді қадам жасауға шабыт берді. ҰБТ - тек сынақ емес, ол армандар мен мүмкіндіктерге апарар көпір екенін ұғындыру - осы кездесудің басты нәтижесі болды.