5 желтоқсан күні мектеп-гимназия директоры Бекзат Сағындықұлы информатика бірлестігі мұғалімдерімен маңызды кездесу өткізді.
Бұл кездесу – цифрлық дәуірде білім беру саласын дамытудағы маңызды қадамдардың бірі болды. Бүгінгі таңда ақпараттық технологиялар саласы күннен күнге қарқынды дамып, оқушыларды осы бағытта терең біліммен қаруландыру - заман талабы.
 
Кездесудің басты мақсаты – мұғалімдермен жеке танысу, олардың кәсіби даму бағыттарын анықтау, сондай-ақ пән бойынша атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарларды талқылау болды. Мұғалімдердің білім беру үдерісінде кездесетін қажеттіліктері, оқушыларды оқытуда заманауи әдістерді қолдану жолдары, АКТ мүмкіндіктерін тиімді пайдалану секілді маңызды мәселелер қозғалды.
 
Кездесу барысында информатика пәні мұғалімдерінің оқушыларға тек білім беріп қана қоймай, олардың сыни ойлау, креативтілік және технологияны тиімді қолдану қабілеттерін дамытудағы рөліне ерекше назар аударылды. Пәннің болашақ кәсіптер мен құзыреттер қалыптастырудағы маңызы талқыланып, бірлестіктің жаңа идеялар мен жобаларды іске асырудағы рөлі жоғары бағаланды.
 
Бекзат Сағындықұлы әрбір мұғалімнің жұмысын жетілдіру және оқушыларға заманауи әрі сапалы білім беру бағытындағы бастамаларына қолдау көрсететінін атап өтіп, информатика пәнінің мектептегі стратегиялық маңызды салалардың бірі екенін ерекше атап өтті.
 
Кездесу ұжымдық пікір алмасу мен ортақ мақсатқа жету жолындағы сенімді қадам болды. Мұндай мазмұнды кездесулер білім беру сапасын арттырып, болашақ ұрпақтың жаңа технологиялар дәуірінде лайықты орын алуына жол ашады.