2 - желтоқсан күні мектеп - гимназия директоры Бекзат Сағындықұлы мен директордың бейінді ісі жөніндегі орынбасары Сағыныш Максимқызы әдіс - бірлестік жетекшілерімен "Білім беру сапасын арттырудағы әдіс бірлестіктің рөлі: Жобалар мен тәжірибе алмасу" тақырыбында форсайт сессия өткізді.
Кездесу барысында 10 әдіс - бірлестік жетекшілері мектеп-гимназия мұғалімдерінің пәндер бойынша соңғы 3 жылдағы жетістіктерін, оның ішінде олимпиада және ғылыми жобалар нәтижелерін талдады. Сонымен қатар, "10 бірлестік - 10 жоба" жоспары аясында әр бірлестіктің жыл бойы жүзеге асыратын жобалары тыңдалды. Жобалардың мақсаты, күтілетін нәтижелері және ең бастысы оқушыларға тигізетін ықпалы туралы терең әрі құнды талқылаулар жүргізілді.
Форсайт сессияның негізгі мақсаты - білім беру сапасын жақсартуға бағытталған жаңа идеялар мен тәжірибелерді бөлісу және олардың тиімді жүзеге асырылуын қамтамасыз ету болды.