3 желтоқсан күні мектеп-гимназия директоры Бекзат Сағындықұлы 9 - 11 сынып оқушыларына арналған Республикалық пәндік олимпиаданың ІІ кезеңіне қатысатын 39 оқушы және олардың пән жетекшілерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында директор алдағы 4 - 5 желтоқсан күндері өтетін білім бәйгесінде оқушыларға сәттілік тілеп, өздерінің қажырлы еңбегі мен терең білімдері арқылы жоғары нәтижелерге жетулеріне сенім білдірді. Бекзат Сағындықұлы оқушыларға жылы лебіздері мен ыстық тілектерін жеткізіп, олимпиадаға қатысушылардың жеңіске жетуіне қолдау көрсетті.