Н.Ильясов атындағы №9 мектеп - гимназиясында қараша айында «Үлгілі үйдің қыздары» тақырыбында қыздар жиналысы өтті. Қыздар ұйымының жетекшісі Ә.Әлімхан өз баяндамасында өнегілі тәрбиелі қыз бала қандай болу керектігі және қыз өмірдің қызғалдағы, қыздар болашақ ана, бақыт байлық ошағы, адамзаттың өсіп - өркендеп, тәлім тәрбие алатын қасиетті ұясы екендігін түсіндірді. Қыздар тәрбиесі арналған кеңестер берілді.

 

Мектеп - гимназия директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Э.Ералиева оқушы қыздардың тәртібі, кәмелет жасына толмаған оқушылар арасындағы құқыбұзышылықтар туралы ескертіп, мысалдар келтіріп түсіндіріп өтті. Қазіргі қоғамдағы қыздар арасындағы жат қылықтар туралы және оқушы қыздар арасында ерте жүктіліктің алдын алу, кешкі уақытта көшеге шықпау, қыз бала туысының болса да үйіне қонбау керектігі, қыз болашақта ана болатыны және осы жас кезден бастап әр бір қыз бала өз абыройын ойлау керектігі туралы ескертіліп айтылды.