Мектебімізде Кеңес одағының батыры, № 9 мектеп - гимназиясына есімі берілген жерлесіміз Нағи Ильсовтың 104 жылдығына орай қала мектептерінің Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні оқытушы - ұйымдастырушылары арасында волейболдан жарыс өтті.

 

Жарысты мектеп директоры Б. С. Ибраев ашып, Қызылорда облысы “ГКӘТ, ВКШӘТ “АРДАГЕРЛЕРІ”

 

қоғамдық бірлестігі филиалының директоры:

 

А.Шуренов Қалалық білім бөлімінің әдіскері Е. Аманов қатысушыларға сәттілік тіледі.

 

Жарыстың мақсатты:

 

Кеңес одағының батыры Нағи Ильясовтың ерлігін ұлықтау, «Германиядағы кеңес әскерлер тобы, Варшава келісім шарты әскерлерінің тобы» ардагерлерімен кездесу, оқытушы - ұйымдастырушылар арасында салауатты өмір салтын насихатттау, оларды спортпен айналысуға тарту, спорттық шеберліктерін арттыру, өзара достыққа, Отан сүйгіштік сезімдерін арттыру.

 

Жарысқа АӘТД пәні оқытушы - ұйымдастырушылары 22 - 32, 33 - 43, 44 - 50, 51 - 63 жастары бойынша командалар және Қалалық білім бөлімі әдіскерлерінен құралған команда, <<Германиядағы кеңес әскерлер тобы, Варшава келісім шарты әскерлерінің тобы>> ардагерлерінен құралған командалар бақ сынады.

Жарыс қорытындысы бойынша:

 

1 - орынды 33 - 43 жасты құрайтын команда иеленсе;

2 - орынды қалалық білім бөлімі, 3 - орынды 22 - 32 жас командалары ие болды.

Жеңіске жеткен командаларға қалалық білім бөлімінің және Қызылорда облысы

 

“ГКӘТ, ВКШӘТ “АРДАГЕРЛЕРІ”

 

қоғамдық бірлестігі дипломдары табысталды, сонымен қатар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

Іс-шараны ұйымдастырушы №9 мектеп - гимназиясының АӘТД пәні оқытушы - ұйымдастырушысы А. Жалғасбаев.