Құттықтаймыз
Құрметті Сағыныш Максимқызы!
Сізді «Білім берудегі өзгерістің 1000 көшбасшысы» жобасын сәтті аяқтап, сертификатқа ие болуыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл жоба еліміздегі білім беру жүйесіне серпін беріп, көшбасшылық қабілеті бар педагогтерді қолдауға бағытталған ерекше бастама болып табылады. Биылғы жылы жобаға 13 796 өтінім берілгенін ескерсек, сіздің олардың арасынан үздік шығып, сертификат иегері атануыңыз - сіздің жоғары кәсіби біліктілігіңіз бен қажырлы еңбегіңіздің нақты айғағы.
Сізді осындай маңызды белесті бағындыруыңызбен құттықтай отырып, алдағы уақытта да жаңа жетістіктерге жете беретініңізге кәміл сенеміз. Еңбегіңіз жемісті, бастамаларыңыз табысты болсын! Отандық білім беру саласына қосып жатқан үлесіңіз толастамасын, әрдайым биіктерден көріне беріңіз!
Ізгі ниетпен, Н.Ильясов атындағы №9 мектеп - гимназия директоры Б.Ибраев және мектеп ұжымы
https://9sh-gimnziya-edu.testim.kz/kz/zhanaly-tar/357-e-begi-iz-zhemisti-bastamalary-yz-tabysty-bolsyn.html#sigFreeIdab530346ab






